Сіздің балаңыз қай тілде сөйлейді?
Кеше бір кеште "тіл, ел" деп жүріп өмірден озған бірқатар азаматтардың орыстілді, қазақылықтан ауылы алыс, ана тілі мен ата жолыннан адасқан балалары туралы естіп, қаза болғандарына емес, сөзі мен ісі үйлеспей кетіп қалғандарына қапа болдым...
Атын атап, түсін түстемесем де әр саладан хабардар исі қазақтың іші білер...
Расында, кейде қоғамды түзейміз деп жүріп, "қорамыздың" қисайып қалғанын елемейміз.
Өзгені қайдам, өзіме ауыр ой салды. Балаларымды бақылап отырсам, "уже, скоро, вообще, да, ну..." деген сөздер өріп жүр... Бақылауға алдым. Бұл мәселе жалпы қоғамдық сипат алғаны тағы бар.
Сыртқа барып, сенімді сөйлейтін сырттан болу үшін өз іргеңде ірі болу маңызды екендігіне тағы бір мәрте көз жетті. Әйтпесе, тілге тиек болған марқұмдар қасқыр десе қасқыр, бөрі десе бөрі болған Ағалар, тек "арығын білдіртпей, сыртқы жүнін қампайтып" жүргендері болмаса... Өкінішті...
Көзі кеткендерді сөз етуден аулақпын, менсіз де "сүйектері жуылуда" екен.. ...
... ертеңгі күні елім деп жүрген ерлер мен ерге бергісіз қыздар, екі кеменің басын қатар ұстай алу таланты болмаса тілге тиек боп кетпесін деп жатырмын.. Топыраққа түскен соң тек жақсы сөзден аунап - қунап жатқанға не жетсін деген пенде-ой.
Алыспен алыса бермей, жақынмен жақсы болсақ, әр қазақ өзінің шаңырағын түзеп, отбасымен елге өнеге болса, көп ұзамай көш те түзеліп қалар ма еді...
"Балаларын тәрбиелей алмай отырып, елге ақыл айтып жүр" дегеннен сақтасын..
Сөзі мен ісі үйлесім тапқан азаматтардан құралған қоғам болуға жазсын.
Тіл үшін күресті тоқтатпау қажет, бастысы ол жеңісті күрес-насихат өз үйімізден бастау абзал.
Сіздің балаңыз қай тілде сөйлейді?!
Баян Ахатаева,
Фейсбук парақшасынан