Билікке Боранбай емес, Божко мен ізбасарлары қауіпті - Думан Бықай
2020 ж. 14 қазан
6173
0
Кезінде Тайчибековты түрмеге қамарда, таразы басын тең ұстау үшін қазір шетелде жүрген Ботагөз Исаны жындыханаға жаппақ болды.
[caption id="attachment_152295" align="alignleft" width="110"] Б. Иса[/caption]Қызыл көз бәлені сотқа сүйреп келген Ботагөз апайымыз еді.
Dalanews бұл жайында егжей-тегжейлі жазды. Апайымыздың өзінен сұхбат алдық.
Ұлтшыл азаматтардың көмегімен Киевке қашты.
Қазір қайда жүргені белгісіз. Соңғы рет сөйлескен кезде:
[caption id="attachment_152296" align="alignright" width="116"] Е. Тайчибеков[/caption]"Сирия босқындарының жанында жүрмін. Соларға арналған арнайы ауданда тұрамын. Солармен бірге аптасына бір рет тиісті орынға барып бармақ таңбасын қалдырамын. Тамақтан тарығып қалған кейбір кездері солармен бірге ауқаттанамын. Бірақ, бұған қапаланбаймын. Бәрі де өтпелі…" деген еді.
Обал. Ресей пропагандасына қарсы тұратын азаматтарды пулын қалыптастырып, ашық түрде болмаса да, астыртын қолдаудың орнына қаңғыртып жібердік.
Бұл жолы шовинист Божконы жалғыз жібермеу үшін Марғұлан Боранбайды құрбандыққа шалмақ.
[caption id="attachment_152297" align="alignleft" width="151"] К. Божко[/caption]Ілгерідегі сценарийді қайталамақшы. Былтыр жабылып қалған істі Божконың дауынан кейін қайта қозғапты. Мұны орыстілді аудиторияның алдындағы "айыбын" жуып-шайғаны, ақталғаны деп түсіндім.
Дәл қазір билікке Боранбай емес, Божконың ізбасарлары қауіпті. Шовинизмнің балалайтын әдеті бар.
Билік Божко секілділердің қандай контентті тұтынып отырғанына бас қатырғысы келмейді. Ресей пропагандасы тұтас Рудный ды торлап алған болуы мүмкін. Оған кім ойланып жатыр?
Ақпараттық саясат - Тоқаевтың "Ана тілге" берген сұхбатын жәй ғана сұхбат емес, пропагандаға айналдыруды білдіреді.
Ол сұхбат бізге керек емес, біз онсызда қазақтілді кеңістікте өмір сүреміз, ал Рудныйдағы жұрт сол сұхбатты оқыды ма?
Думан Бықай,
Фейсбук парақшасынан