Әлемге қауіп төндірген індетке Шымкенттің әкімі кінәлі емес шығар?..

ЯВОРСКИЙ ДЕГЕН КІМ ЕДІ?

[caption id="attachment_148589" align="aligncenter" width="400"] Фото ашық дереккөзден алынды[/caption] Адвокат болса, адвокат шығар... Заңгер болса, заңгер шығар... Біздің қаламыздың әкімінің үстінен ҚР Президентіне шағымданып, Мұрат Әйтеновті отставкаға жіберуді өтінгені – қай сасқаны?!. Мейлі-ақ дейік, жеке пікірі, жеке ұстанымы сол болар. Бірақ, неге жекелеген бір адвокаттың өтінішін бүкіл қоғам өтініші іспетті етіп хабарлайды? Мен, мәселен, Мұрат Әйтеновтің отставкаға кетуіне үзілді-кесілді қарсымын! Өйткені, бүкіл әрекеттерін, маңдай тер еңбегін көріп отырмын. Көре алмағандар жайына жүрсін!.. Яворский сияқтыларға біз ермейміз ғой!.. Коронавирустың бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырғанына Шымкент қаласының әкімі кінәлі емес шығар? Әлде үшінші мегаполисте қалыптасқан ауыр жағдай басқа өңірлерде атымен жоқ па? Бәлкім, Яворскийдің өзі де кінәлі шығар көп нәрсеге?.. Елді бірлікке, ынтымаққа шақырудың орнына, араға іріткі салып, қоғамды қақ жарып, жоқ жерден жымысқы ниеттерін алға тарту – елге жанашырлық емес, ел жағдайын одан сайын қиындатуға ұмтылу деп білемін өз басым. Адвокат Яворский білмеуі де мүмкін шығар, бірақ орыс халқында: "Коней на переправе не меняют!" деген қағида да бар. Сондықтан, жыл басында ғана қала әкімі болып тағайындалған адамға бар кінәні жауып жіберу де – әдеп пен тәрбиенің белгісі емес деп тұжырымдаймын!.. Әсет Әссанди, Шымкент қаласының тұрғыны.