Алалық жасамайық, Азаматтық жасайық ағайын! – Құлбек Ергөбек

0
808

Шымкент қаласы Әкімі Мұрат Әйтеновтің төрт бірдей орынбасары сырқаттан жығылыпты. Қиын жағдай! Қалада індеттің қаптағаны ғой!
Осы сәтте ашынған ағайын Әкімге шүйліге бастады. Бұл дұрыс емес, ағайын! Әкім келген күннен қимылдап жатыр. Көктемгі көк иттен қала халқын аман алып шықты! Рахмет! Бүгінгі күні басшылықта бір өзі!
Түрлі ғимаратты жедел ауруханаға айналдыруда әкімдердің алдында! Қайта, ауырмаған аз топ әкімге кедергі келтіріп болып жатырмыз. Сонда қалай? Өзіміз ауырмасақ болды ма?! Бұл не қылған эгоизм? Біз көрпені әркім өзіне қарай тартатын жерде тұрған жоқпыз. Қайта жұдырықтай жұмылып, мына індетпен бірлесе күресер тар қылтада тұрмыз.
Айтпағым, төрт бірдей орынбасары ауырып жатқан, жағдайдан шарадай басы шақшадай болған Мұрат Әйтеновке бәріміз жәрдем берейік!
Аурухананы көбейтсін!
Дәрі-дәрмекті молайтсын!
Алғашқы дәрігерлік көмек те болса көрсетілсін!
Студенттерді фельдшер ретінде жұмысқа тартсын!
Президент Қ.Тоқаевқа және бірсыпыра обләкімдерге хат жазғанымды білесіздер! Комиссияда ескерілер!
Ал, Мұрат Әйтенов жұмысы етектен тартып, аяқтан шалмай, көмек берсек – нәтиже береді!
Алалық жасамайық, Азаматтық жасайық, ағайын!

Құлбек Ергөбек,

Фейсбук парақшасынан

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз