Неге телефон тілі қазақша емес?
2020 ж. 26 мамыр
2337
0
Мен өз басымнан өткен бір оқиғаны айтып берейін.
Осыдан бір жыл бұрын қолымдағы қалта телефонымды жаңарту мақсатында бір дүкенге кірдім. Қасымдағы дүкеннің сатушы-кеңесшісімен бірге таңдау жасап жүрміз. Менің қалауымды және қандай сомаға қалайтынымды білген сатушы-кеңесші А50 телефонына ұсыныс жасады. Мен келістім. Баптауларын енгізуін өтіндім. Олардың өзінің міндеті екендігін айтып іске кірісті. Менің талабым барлық баптаулар қазақша болуы керек. Оларда әрине деп жатыр, жарты сағаттай тосуымды өтінді. Жарты сағаттан аса келіп жаңа телефонды қолыма алдым.
Пернетақта қазақша тек баптаулары орысша екен, мен келіспедім. Неге телефон тілі қазақша емес?
Олар ол мүмкін емес дегендей жауап қайтарып жатыр. Мен қолымдағы LG2 телефонындағы ЗВОНКИдің орнында ҚОҢЫРАУЛАР, СОБЩЕНИЕнің орнына ХАБАРЛАМА дегенді көрсеткенімде олардың бастарын қасып, өздерінің біраз нәрседен хабарсыз екендіктерін түсінді. Сол дүкендегілердің төртеуіде қазақтың ұл-қыздары.
Содан ол телефонға қойылмай, мен басқа телефон алдым және "дүкен қожайынына сендердің 32000 теңгеден қалай айырылып қалғандарың жәйлі айтыңдар" деп мен кеттім.
Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғандықтан кез-келген фирмалық импорттық тауарда қазақ тіліндегі түсініктеме міндетті түрде болуы керек және тұрмыстық техникалық құралдарыда қазақ тілінде қызмет атқаруы міндетті.
Кейде банктерге барғанымда сол жердегі балалар АУДАРЫМДАР мен ТӨЛЕМДЕР (ПЕРЕВОДЫ, ПЛАТЁЖИ) ортасында шатасатыны бар.
Сондықтан барлығы өзімізге байланысты екендігіне мән берейік ағайын.
Серікбек Айшолпан, Қазақ үні