Билік қаласа бір-ақ күнде бәрін ана тілінде сайратар еді - Мейірбек Оразбекұлы

Тілі бөлінген ел ешуақытта бірікпейді!

Сондықтан қаржымен емес, Заңмен реттелуі керек. Қазір көпшілік қазақша сөйлемегендерді от басын кінəлайды. Мен бұған жартылай келісемін. Ал, негізінде бұған бірнеше себеп бар. Бірінші – ол билік орыс тілді, екінші – іс-қағаз орысша, үшінші – ең маңыздысы бүкіл телевидениенің 90 пайызы орыс тілді. Біреу айтқан екен информация кеңістігін менің қолыма берсе бүкіл əлемді жаулап аламын деп. 30 жылда біз неге өзге 14 мемлекет сияқты өз ана тілімізге ие бола алмадық. Басты себеп ұлттык идеология болған емес, болмайды да мына билік тұрғанда. Себеп ұлттық иеология патриоттарды, имандылықты ұлтжанды болуға шақырады. Бұл қасиеттердің жиынтығы əділетті қоғамды тəрбиелейді. Бұндай қоғам əділетсіз билікті тайраңдатып қоймайды, жемқорлықты тізгіндейді. Екінші елге орасан зардап əкеліп отырған саясат – үштілділік. Унитарлы мемлекеттің ешбірінде мұндай сорақы жағдай жоқ. Бұл елді бөлшектеудің ең оңай жолы. Тілі бөлінген елдің ешуақытта басы бірікпейді. Бізде қоғамның барлығы екіге бөлінген. Мысалы- қазақ мектебі орыс мектебі, қазақ журналисткасы орыс журналистикасы, қазақ эстрадасы қазақстанская эстрада т.с.с. толып жатқан бөлшектеулер. Бірін- бірі сынап кемсітіп отырған қоғам. Əйгілі қытай ғұламасы Конфуцииден сұраған екен, егер сізді мемл. басына отырғызса не істер едіңіз деп. Сонда ең бірінші елдің ара қатынасын бір тілді етер едім. Себебі – тілі бір елдің ауызбіршілігі бір болады, ауызбіршілігі зор елдің рухы жоғары болады, рухты елді ешкім басына алмайды. Ал бізде ең алдымен тілінен айыру саясаты керемет жүргізілді. Бүл саясат елді деградацияға ұшыратты. Деградированный народ никогда не протестует. Л. Толстой Оңтүстік Африка Республикасы президенті Н. Мандела айтқан екен егер тілің мен ұлттық мəдениетіңнен айрылсаң шекараңды аша сал, енді қорғайтын ештеңең қалған жоқ деп. Бұның барлығын біздің билік білмей отырған жоқ. Біледі, бірақ билікке елдің білімді, ұлтжанды патриот болуы тиімсіз. Себебі өзіне қарсы шығатын қоғам қажет емес. Егер билік қаласа бір-ақ күнде бәрін ана тілінде сайратар еді. Егер статистик көрсеткішін зерттеп көрсеңіз постсовет кеңістігінен бөлініп шыққан мемлекет ішінде тіл дамытуға ең қаржы көп бөлген қазақ елі екен. Ал, нəтиже көрсеткіші ең төмен бізде. Себебі бұл қаржымен реттелетін жағдай емес. Заң аясында реттелуі керек. Мемлекеттік Тілді қазақ елі азаматтары міндетті түрде білуі шарт деген бір-ақ сөйлем ата заңға енгізілсе жəне осы заңға бағынбаған адам əкімшілік жауапқа тартылады делінсе бітіп жатыр. Мейірбек Оразбекұлы, Фейсбук парақшасынан