Шетелдіктердің біздің елдің өмір салтына наразылығы болса келмесін - Майра Тілеу-бегім

Мен министр Абаевпен осы заңды талдау отырысында осы мәселеге тоқталдым, жазбаша да ұстаттым. Заңда қандайда бір еліміздің қауіпсіздігіне кері бағытта шерулердің тізімі көрсетілу керек екенін, оның ішінде: -диаспоралардың шоғырланып орналасқан жерін автономия деп тану, -табиғи болмысынан ауытқыған өзінің жынысынан адасып жүргендердің, -кері діни бағыттағыладың, -кері бағыттағы ұйым, қозғалыстардың, -ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан әдетіне қайшы - мысалы өлгендердің суретін көтеріп тойлауларға бұл заңда анықтап рұқсат етілмейтіні көрсетілуі керек! Ал шетелдіктердің біздің елдің өмір салтына наразылығы болса келмесін, келді ме тұруға рұқсат етілген уақытында көнуге бастарын байлап келсін! ШЕРУЛЕРГЕ ӨТІНІШ БЕРУ, ШЫҒУ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҒАНА ҚҰҚЫ! КӨЛДЕНЕҢДІ КӨК АТТЫ ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРМЕУІ КЕРЕК! Майра Тілеу-Бегім, Фейсбук парақшасынан