Олжас Әбіл: Украиндерден үйренетін нәрсе көп
2020 ж. 30 сәуір
1376
0
Жалпы, украин тарихшылары өз тарихын қалпына келтіруді өте батыл бастады. Олар тіпті орыстың өзіне шабуылға шығып, оған есеңгіретіп соққы берді.
"Орыстар славян емес, орыстар фин - угорлар" деді және соны дәлелдеп кітаптар жазды.
Украин тарихшысы Владимир Белинскийдің "Страна Моксель или открытие Великоросии" атты атышулы еңбегі сондай кітаптардың бірі.
Бұл кітап кезінде Украинаны дүр сілкіндірді. Орыстың тарихы жібін тартып қалсаңыз тарқап кеткелі тұрған өтіріктен тұратынын ең алғаш сол Белинский керемет аңғарып сол жіпті тарқата салды.
Осы кітапты сол кездегі украин президенті В.Ющенко өзі оқып шығып Путинге ұсынып "Владим Владимыч, мына керемет дүниені оқып шынайы тарихтарыңызбен танысқайсыз" деп кекетті.
Бұдан соң басқа украин тарихшылары одан ары кетті.
Олар тіпті Мәскеу қаласының іргесі 1277 жылы Алтын Орда ханы Мөңке Темірдің жарлығымен құрылғанын тақ - тұқ етіп дәлелдеп берді.
"Тарихтарыңды бізден аулақ алыңдар, сендер славян емессіңдер, фин угорсыңдар" деді орыстарға.
Тарих деген саясат қой, соны түсінген бұлар өз саясаттарын сонау заманнан бастап аулақ салып жатыр.
Украиндерде жалпы мықты интеллектуалдық база бар екен, мен 2014 жылғы украин - орыс жанжалы кезінде соны байқадым. Оны мойындаймын.
Оларда білікті саясаттанушылар, білімді тарихшылар, зерделі қайраткерлер, саналы саясаткерлер, дуалы ауыз блогерлер бар екен.
Осы украин - орыс жанжалы кезінде екі жақты ақпараттық соғыс, үгіт - насихат, идеологиялық майдан жүрді. Сонда екі жақ бір біріне барын салды, осы тайталаста Украина тайлы тұяғын салып шама шарқынша төтеп бере білді. Оны көз көрді, интернет бетіне шығып екі жақ быт - шыт боп жататын.
Тіпті украин музыканттары "біз енді бауыр болмаймыз" атаулы керемет өлең жазып оны асыра орындап шықты. Оларда қорған бар екен.
Өкінішке орай бізде ондай жоғары деңгейлі мамандар жоқ. Біздің орысша сөйлейтін қараорыстар бізге ғана ақылды, ал былай бізде орыстың мықты тарихшысына төтеп берер тарихшы жоқ, саясаттанушы да жоқ, біздің жазғыш рашевтар олардан тек көшіреді, ал журналист арманжан байтасовтар мақталы соловьевтардың қолында жаулықтай желпілдеуге ғана жарайды. Басқалары да сол.
Хош сонымен тарихшы Белинский не дейді?
"Орыстар оттай береді" дейді ол, "Шыңғысхан қазақ, бірақ бұл ақиқатты дәлелдеуге бүгінгі қазақтың қолы мен жігері жетпей отыр".
"Орыстың империялық тарихы жалған, маған соны әшкерелеуге жан - жақтан жәрдем керек" дейді Белинский.
Менің осы Белинскиймен келіспейтін жерлерім бар, кейде бір жерлерді ол әсірелеп, қоюлатып жібереді, оның қате кеткен жерлері де бар, бірақ келісетін жерлерім де тым көп.
Мен украин тарихшыларының жазғандарын шолып отырып аңғаратыным; олар терең білімді, бұлар ар жағындағы Еуропа тарихшыларының тарихи еңбектерін керемет біледі, соны жақсы пайдаланады. Олар Ордалы хандар тарихын бізден артық біледі. Алтын Орданың қай ханы, қай орыс князіне жарлық берді, соғысқа салды, қала тұрғызды... бәрін біледі.
Және менің тағы бір байқағаным, украиндер Орда тарихына "бұлар түркілер" деп үлкен құрметпен қарайды.
Ал орекеңді төпелеп "москали, московиты, орда хандарының құлдары" деп әйтеуір оңдырмай отырады.
Қысқасы, украиндерден үйренетін нәрсе көп ақ.
Бірақ меніңше соны бізде әлі түсінген жоқ. Әлде қорқа ма?
Айтпақшы, Украина ар жақтан қысып бүкіл өтіріктерін бетіне шығарып жатқан соң, жаны қысылған орекең қауқары жететін бізге жүгіріп кеп "бірге тарих жазайық" дейді. Бұл олардың "ештеңені өзгертпеңдер" деп бізге зекігені.
Оған біздің мақаулар "мақұл" деп көздері бақырайып қана отыр.
Бір кезде Совет идеология министрі Суслов рұқсат берген Керей мен Жәнібектен аспай... көздері бақырайып...
Олжас Әбіл, Фейсбук парақшасынан