ҚСЗИ қызметкері Президенттің мәлімдесі туралы пікір білдірді

Қазақстан Ресапубликасының Президенті Қ.К. Тоқаев 27 сәуірдегі мәлімдемесінде короновирустық індетке қатысты қалыптасқан жағдайға тоқтала келіп, елімізде уақтылы қабылданған карантин шараларының арқасында індеттің жаппай таралуының алды алынғанын, бұл шаралар мен іс-қимылдарды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, халықаралық сарапшылар оң бағалап отырғанын, бірақ кейбір облыстарда жағдай әлі де күрделі екендігін атап өтті. Президент Төтенше жағдай кезеңінде адамдардың жұмыстарын жоғалтып, кірістерінен айрылғандығын, түрлі мекемелер мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатқанын немесе қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкендігін, шағын және орта кәсіптің табысынан айрылып, жабылып та жатқандығын біледі, және адами тұрғыдан түсенеді де. Бірақ, Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы дерт, сондықтан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн.  Індетке жеңіл-желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп алуымыз мүмкін. Сондықтан Президент еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізінде Төтенше жағдай режимін биылғы жылдың 11 мамырына дейін ұзарту туралы Жарлық қабылдады. Президент мемлекеттің басты міндеті – азаматтардың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу екендігін бас айта отырып, сонымен бірге елдегі әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылданғанын атап өтті. Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат билік органдарының назарында болатынын, мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтындығына сендірді. Қ.К. Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын екендігін, осыған қатысты құзіретті органдар өз жұмысын бастауы тиіс мекемелер тізімдерін жасай бастағанына тоқталды. Бірақ, бұл жағдайда да барлық санитарлық нормалар сақталынып, жұмыс орындарында үнемі залалсыздандыру жүргізіп тұру қажет. Күнделікті өмірде де адамдар өзара ара қашықтықты сақтағыны дұрыс. Сонымен қатар Президент өз мәлімдемесінде маңызды мәселелердің бірі ретінде дағдарыстан кейінгі кезеңге мемлекеттің дайындығы мәселесіне тоқталды. Әлемді жайлаған індеттен кейін еліміз дамудың жаңа деңгейіне өтетінін, жалпы біз де, әлем де жаңа жағдайда өмір бастайтынымызға тоқталды. Короновирус пандемиясы салдарынан туындаған дағдарысқа қатысты Үкімет экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар дайындауы қажет, өйткені алда бізді экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер енгізу бойынша шаралар күтіп тұр деп атап өтті. Осы ретте Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бірінші кезекте дағдарысқа қарсы кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттігі туралы мәлімдемесі маңызды болып табылады. Олардың қатарына көрсетіліп жатқан көмектің бизнес пен халыққа жетуі үшін бөлінген әр теңгені қадағалау, экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі кезеңде даму бағдарламасын іске асыру, экономиканың негізгі салаларының, болашақ экономикасының, қаржы және әлеуметтік саланың, қалалар мен ауылдардың даму бағыттарын анықтап алу сияқты өзекті мәселелер жатады. Індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі жүрген азаматтарға алғысын білдіре отырып, Президент елдің қамы үшін бастаған барлық ісіміздің қайырлы болатынына сенім білдірді! Алмас Арзықұлов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, Әлеуметтік-экономикалық зертетулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері