Самат Нұртаза: Митинг туралы заң жобасының демократиялық үш жетістігі

Кеше Мәжіліс екінші оқылымда митингілер туралы қабылдаған заң жобасы, сонау 1995 жылдан бері өзгермен заң еді. Бұл өзгерістің басы 2019 жылдың қыркүйегіндегі президент Қ.Тоқаевтың жолдауынан кейін жылжыған сең еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы, Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесінің жиынында митингілердің "Ескерту" қағидасына көшу туралы ұсынысын айтты. Содан кейін барып, Мәжіліс 25 жыл өзгермеген заңға өзгерістер енгізді. Жетістік пе? - Жетістік. Енді осы жерде 3 маңызды өзгеріске, яғни демократиялық жетістіктерге тоқталсақ. 1) Митинг ұйымдастырушыларының құжаттары қысқа мерзімде қарастырылып, әкімшілік органдардан жауап берілу парыз. 2) Журналисттерге қойылған шектеулер алынып тасталды. Бүгінгі күні журналисттерге еш кедергі жоқ екенін көріп отырмыз. "Пресса" деген сары күртешелерімен кез келген жерге кіре береді. 3) Ұлттық Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын осы заңға енгізді. Ал Ұлттық Кеңес мүшелері өз кезегінде халықтың мұң-мұқтажын біліп отырған тұлғалар. Жалпы алғанда, бұл Қазақстандағы либерализацияның ілгері жылжыған қарқыны және осыдай басқа жол жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағытын қолдап, алға жүрсек ұтылмаймыз! Бұл либерализацияның тек басы ғана, Достар! Самат Нұртаза, Фейсбук парақшасынан