Құдиярбек Ағыбаев: Ел болып Президенттің Үндеуін қолдауымыз керек

Короновирус қырына алып, құтырып тұр. Елде төтенше жағдай жарияланды. Қалалар 15 сәуірге дейін карантин. Ол одан әрі созылуы мүмкін дейді сарапшылар. Б. Сапарбаев дүкендегі мен базардағы баға өспеу керек депті. Бірақ ол дес берер емес, инфляция көз алдымызда ауыздықтауға көнер емес, өсіп барады. Жемқорлық бір жағынан жағадан алды. Жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы жемқорлықпен ұсталып жатса демек жағдай мәз емес. Індетке қарсы маскілерді бірнеше есе бағамен сатқан тоғышарларға қой дейтін облыс әкімінің өзі ұялы тобымен, бауырларымен бірге қылмыспен қолға түсіп жатыр.Ішкі-сыртқы жаулар, көзін тігіп отырған, олар да аз емес. Осыдан кейін не деуге болады. Революцияның, қантөгістің бетін аулақ етсін құдайым. Президент жалғыз өзі билікті осындай ауыр кезде қолына алды. Оған, оның иығына өте үлкен "мұра", ауыр жүк артылды. Біз халық болып оны қолдамасақ, жағдай шын мәнінде қиын. Оны аңғару үшін терең білімнің қажеті жоқ. Енді бізге бір ғана жол бар, ол ел болып жұмылып, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Үндеуін қолдау. Біз, бұл қиындықтан да шығамыз! Құдиярбек Ағыбаев,  Қазақ үні