Жасұлан Иса: Мемлекеттік тілді менсінбесек, бізді кім менсінеді?!
2020 ж. 15 ақпан
2556
0
Осылай деп, бір жыл бұрын, Қарағандыда болған қайғылы оқиғадан кейін жазған едім. Өкінішке орай тағы қайталағым келеді. Түк өзгерген жоқ!
...Бізді кім басынбай жатыр дейсіздер...
Ұлт болып, Ана тілімізді құрметтемесек, Мемлекетіміз бола тұра, Мемлекеттік тілді менсінбесек, бізді кім менсінеді?! Егер, біз жастарымызға дұрыс патриоттық тәрбие де бере алмасақ. Өз өзімізді силамасақ? Бізді кім силайды? Ешкім де силамайды!
Алысқа бармай-ақ, үйден шыға сала, өзге тілге тіреліп, үндемей жүре беретін болсақ. Барған жерімізде, бірінші болып ресей тілінде қарсы алып жатып, оған да үндемесек. Кімге іренжиміз?
30 жыл болған тәуелсіз елімізде, бізде, бір "есі дұрыс", заңға сай, толықтай (жан жақты) мемлекеттік тілде қызмет көрсетілетін жер бар ма? Оны кім қадағалау керек?!? Мемлекеттің Тілін, бірінші болып кім қорғау керек?!
Қашан Біз (Ұлт, Билік, Үкімет, Қоғам, Халық) барлығымыз бірігіп Мемлекеттік тілді өзінің мәртебелі орнына жайғастырып қойамыз?! Міне, сол күннен бастап басқа ұлт өкілдері, Бізді Ұлт ретінде қабылдап, құрметтей бастайтын болады.
Тілді де, Жерді де, Мемлекетті де, тіпті керек болса, билікті де (полицияны) бірінші болып қорғауға шығатын Қазақ. Осыны түсінетін уақыт жетті емес пе. Қашаңғы, осылай кім көріңгенді басындырып, басымызға отырғызып, сосын кешіріп қойып жүре береміз?
Мына түрімізбен, Біз, Бір тұтас Ұлт бола аламыз ба?!? Ойланайықшы...
Жасұлан Иса, Фейсбук парақшасынан