ҚАЗАҚТЫ ҚАПА ҚЫЛҒАН ҚЫТАЙ БИЛІГІНІҢ ӨЗІ
2019 ж. 04 қыркүйек
4988
0
Соңғы кезде Қазақстанның жер-жерінде Қытай экспансиясына қарсы ереуілдер мен толқудар жиілеп барады. Олардың ортақ ұраны біреу ғана.
Ол - Қазақстан аумағында Қытай кəсіпорындары салынбасын.
Енді ертең оған "Бір белдеу - бір жол" жобасы тоқтатылсын деген талап қосылуы мүмкін. Себебі, Қытайдың бұл ғасырдық жобасының бірінші қақпасы - Қазақстан. Қазақстанда кəсіпорын ашып жатқан, қазақ мұнайын игеріп жатқан тек қана Қытай мемлекеті ғана емес. Өзге алпауыт еллер де баршылық. Бірақ, қазақ қауымы олардың бір де біреуіне қарсы шығып жатқан жоқ. Қазақ қауымы тек қана Қытайға қарсылық танытуда. Сондай-ақ, Қытай кəсіпкерлері біздің елімізде бүгін ғана жұмыс істеп жатпағаны белгілі. Тəуелсіздік таңы атқаннан бері бұл екі елдің арасында экономикалық істестік орнап, дамып келеді. Ол жылдарда, кіші-кірім наразылықтар болған шығар, бірақ мынадай ауқымды, жалпылық түс алған қарсылық болған емес... Оқиғаның бұлай тұтануына, өрши түсуіне кім кінəлі?! Əрине, қазіргі Қытайдың өзі кінəлі. Ши Жінпін басшылығындағы Бежің билігі айыпты!
Егер, Ши билігі
- Қытайдағы азшылық ұлттарды, əсіресе, түркі тектес мұсылман халықтарды жазықсыз "Саяси үйрену лагерлеріне" қамап, жаныштамаса;
- Олардың діни сенімі мен ұлттық салт-сансынан аяққа таптамаса;
- Қазақтардың Атажұрты Қазақстанға келіп-кетуіне кедергі жасамаса, біздің жұрт бұлай ереуілдетпес еді!
Сайрагүл Сауытбай шегара бұзып, қашар ма еді?!
Серікжан Білаш империяға арыстандай атылып, бүкіл дүниені дүр сілкіндірмес еді ғой...
Жасыратыны жоқ, Ши билікке келмей тұрғанда, Қазақстан халқы Қытай еліне құрметпен, қызыға қарайтын.
Тіпті, бізге "Неге келдіңдер, Қытайда бəрі жақсы ғой..." деп, шаң жуытпайтын.
Қазір көзқарас мүлде басқа.
Қытай қазақтың жүрегін жаралады, көңілін қалдырды, намысын таптады...
Енді Қазақ оянды. Қазақ қана емес, өзбек, қырғыз, əзербайжан, тəжік... түгел оянды.
Бұл жараны емдеп, жұрт ашуын басудың жалғыз ғана жолы бар.
Бірінші кезекте Қытай билігі "Саяси үйрену лагеріне" қамалған қазақтарды түгел босатып, оларға моральдық төлем төлеуі тиіс!
Сосын ондағы қазақтардың Төлқұжатын қолына беріп, тарихи Отанына көшуіне, келіп-кетуіне кең жол ашуы керек!
Сонымен бірге, Қазақстан азаматтығын алған қазақтарды Қытайдың Қазақстандағы косулдығы бұрынғы тəртіп бойынша азаматтықтан тез шығаруға, осында оралған зейнеткерлердің зейнетақысын уағында толық беруге, Қазақстан азаматтары жіберген отбасын біріктіру мақсатындағы "Көші-қон шақыртуын" Шыңжаңның барлық өңірінде бірдей қанағаттандыруға міндетті!!!
Сөйтіп, Қытай Қазақстанда кəсіпорын ашқысы келсе, ол жобасын Қытайдан көшіп келген қазақтар арқылы жүзеге асырсын.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-12 қыркүйекке жоспарланған Бежіңге ресми сапары қарсаңындағы Ши жінпинмен кездесуінде осы мəселелер ашық ортаға қойылып, мемлекеттік деңгейде шешілмесе, бұл қарсылық басылмайды!
Ауыт Мұқибек,
Фейсбук парақшасынан