Г. Қыстаубаев: Биліктің ішінде халық қамын ойлайтын бір адамның болуы - олардың баю көзіне қауіп төндіреді!
2019 ж. 16 тамыз
4902
20
Олжас Әбіл інім айтса, қалт айтпайды! Зерттеп, оқып, сұрап, анығын толық біліп барып, айтады! Бұл жерде де сол екен.
Ислам Әбіш, төменде Абзал Құспан айтып отырған, қазынаға қайтарылған (!) 1 трлн (!) теңгеге, «Қытайдан таситын су құрылғыларына қажетті сапасыз тетіктерді, өз елімізде жоғарғы сапамен шығаратын кәдімгі замандық супер зауыт салуға жетеді. Маған рұқсат етсе, сол үнемделетін (өзі өз бюджетін қысқартып, үнемдеген) ақшаға әлемдік стандарттағы қатқан зауытты салып, мемлекетке «сыйлық» жасар едім» деген болатын!
Исламның мұндай ел үшін игі, өте тиімді идеясын, кезінде, ұлттың ұлтшыл ақыны Қазыбек Иса өзінің «Қазақ үні» басылымы мен интернет порталында кең көлемде жазды да.
Нәтижесі - осы. Исламның өзі - қамақта! Бұған себеп: биліктің ішінде халық қамын ойлайтын бір ғана адамның болуы - олардың баю көзіне қауіп төндіреді!
Геройхан Қыстаубай,
Фейсбук парақшасынан