ШҚО-да жас жігіт мешіттен ақша ұрлап кетті
2019 ж. 09 тамыз
5129
0
Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында жас жігіт мешіттен ақша ұрлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
26 жастағы жігіт мешіттің есігін бұзып кірген. Сөйтіп жәшіктегі қайырымдылыққа арнап жиналған қаражаттан 8 мың теңге жымқырған.
Үржар аудандық полиция бөліміне 53 жастағы мешіт қызметкері хабар берген екен.
Тәртіп сақшылары баукеспені алысқа жібере қоймады. Күдікті ретінде бұған дейін де ұрлық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы жұмыссыз тұрғын ұсталды. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыскер кінәсін мойындап отыр.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.