Құжат авторлары Курманкул Зулушев пен Исхак Масалиев былтыр желтоқсанда "Қырғызстан президентінің қызметіне кепілдік беру туралы" заңдағы экс-президенттің тиіспеушілік мәртебесі туралы жазылған норманы алып тастауды ұсынған.
Бірақ екінші оқылым кезінде парламент бұл норманы алып тастамай, тек жауапқа тарту механизмдерін жетілдіру туралы шешім қабылдаған. Бұл жобаға сәйкес, жогорку кеңеш бастап, бас прокурор растаған аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылған соң экс-президент өз статуысынан айырылып, жауапқа тартылуы мүмкін.
Сондай-ақ, заң жобасының 11-бабына сәйкес, экс-президент мемлекеттік билік органдарында саяси, арнаулы мемлекеттік лауазымдарды атқармауы тиіс, саяси партияларда басшылық қызметте істеп не оның қызметіне араласпауға міндетті. Экс-президент осы ережелерді бұзса, бас прокурордың ұсынуымен, президент актісімен оған берілген кепілдіктердің күші жойылып, бұрынғы президентті республикалық бюджет қаражаты есебінен материалдық не басқа да жағдайлармен қамтамасыз ету тоқтатылады.
Заңға өзгеріс енгізу туралы талқы Алмазбек Атамбаевтың Бішкек ТЭЦ-ін модернизациялауға тікелей қатысы бары туралы мәлімдемеден кейін күшейген. Қырғызстан құқық қорғау органдар "ТЭЦ-ті модернизациялау кезінде сыбайлас жемқорлық қылмысы болған" деп күдіктенеді. Атамбаев айыпты жоққа шығарады.
Қырғызстанда Роза Отунбаева және Алмазбек Атамбаевтың экс-президент деген мәртебесі бар. Алғашқы екі президент Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев халық толқулары нәтижесінде биліктен кетіп, экс-президент мәртебесін ала алмаған.