Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасында дебат өте ме – министрдің жауабы
2019 ж. 14 мамыр
2874
2
Кезектен тыс президент сайлауының алдында кандидаттар арасында теледебат өтуі мүмкін. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Менің білуімше, теледебат болады және тікелей эфирде өткізіледі. Кандидаттар өзара пікірталасқа түседі", - деді Абаев үкімет кулуарында.
Қазақстан президенттігіне кандидаттар
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына жеті адам таласады:
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.