Дания Еспаеваның сайлауалды бағдарламасы жарияланды
2019 ж. 13 мамыр
3532
1
«Ақ жол» Демократиялық партиясы атынан
Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның
сайлауалды бағдарламасы
Қадірлі отандастар!
Қазақстан жаңа тарихи дәуірдің босағасын аттағалы тұр! Еліміз Тәуелсіздік алғанға дейін талай қиын-қыстау кезеңді басынан өткізді.
Бүгінгі күні бізді жаңа дәуірдің кезекті белестері мен асулары күтіп тұр. Алдарыңыздағы бағдарлама Республикамыздың одан әрі жақсарып, қарыштап даму жолындағы осы қауіптер мен сын-тегеуріндеріне лайықты бағасын беріп, олардан шығу жолдарын көрсетеді.
Адал бәсекелестік болмаған жерде жаппай кәсіпкерлікке жол жоқ.
Сол себепті біз лайықты өмір сүру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып, оларды кеңейтіп, осы жолда кездесетұғын кедергілерден үзілді-кесілді бас тартуымыз керек.
Лайықты өмірдің кепілі – шенеуніктер емес, нарықтық экономика, демократия және әлеуметтік әділдік.
1. ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ – БӘСЕКЕЛЕСТІК ПЕН ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІК
Халық әл-ауқатының негізі– тұрақты қарқынды даму, мықты жеке бизнес, адал бәсекелестік.
Мен әрдайым жеке кәсіпкерліктің, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдаудың, тұрақты жақтаушысы болып келдім. Бүгінгі күні Отан алдында жаһандық сын-тегеуріндер тұр, оларды еңсермей бұдан әрі даму мүмкін емес.
Осы қауіптерді жаңа мүмкіндіктерге айналдыру үшін келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
● Ұлттық банк және екінші дәрежелі банктер несиелер бойынша мөлшерлемелерді төмендетуі тиіс.
● Шағын және орта бизнестің құлдырауына және халықтың кедейленуіне әкелетін тұрақты девальвация тәжірибесін тоқтату.
Егер министр немесе Ұлттық банк басшысы девальвация болмайды деп мәлімдегенімен, ондай жағдай орын алса – шенеунік қызметтен кетуі тиіс.
● Қор құралдары арқылы баламалы, банктік емес қаржыландыруды дамыту керек. АХҚО шеңберінде құрылатын кәсіпорындарды қаржыландыруды осы әдістермен мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
● Салықты әкімшілендіру мен есептілікті жеңілдету, шоттарға тыйым салу және бизнестің шығыс операцияларын тоқтатудан бас тарту; егер кәсіпкерлердің мемлекетке немесе басқа тұлғаларға залалы тимеген болса, кәсіпкерлер үшін айыппұлдарды жою;
● кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін күшейту;
● басым салалар үшін (ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау саласы) төмендетілген ҚҚС мөлшерлемесін енгізу; немесе каскадсыз әдіспен алынатын салыққа ауыстыру;
● мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, олардың ашықтығын қамтамасыз ету, келісу және пара беру мүмкіндігін болдырмау;
● Отандық компаниялардың ішкі рыноктағы басымдығын қамтамасыз ету
● ұлттық компаниялардың және даму институттарының қызметіне парламенттік мониторинг енгізу, мемлекеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету.
· Шекаралық және салықтық тәртіппен қатар мемлекеттік органдар мен бизнестің арақатынасын цифрландыру жүйесіне көшіру; айла-амал мен бопсалаушылықты жою.
Мемлекет өздігінен табыс табатын, бюджетке салық төлейтін және басқаларға жұмыс беретіндерді қолдауға міндетті!
2. ҰЛТТЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК
Тәуелсіздік және ұлттық мүдде – әрқайсысымыз үшін басты құндылық. Тәуелсіздік жолында құрбан болмайтүғын еш нәрсе жоқ – бұл заманауи Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі. Өз кезегінде «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейхан «Мемлекеттілігі жоқ халық – жетім халық» деп атап өткен.
Сол себептен Қазақ Республикасының Тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оның ұлттық мүдделерін қорғау – әрбір азамат үшін маңызды міндет. Тәуелсіздік – құр бос сөз емес. Бұл – біздің еліміз, жеріміз, бабаларымыздан қалған мұра, бұл – мемлекеттік тіл, бұл – біздің көпұлтты халқымыздың бірлігі.
● Тәуелсіздік, жер тұтастығы және ұлттық бірегейлік те - әрбір адамның құқықтары және бостандықтарымен қатар тұратын Республиканың басты құндылықтары.
● Тәуелсіздіктің маңызды жетістігі – біздің елде өмір сүретін барлық этностардың тілі мен мәдениетіне деген өзара сыйластығы; азаматтардың тең құқықтары мен ұлттық сезімдеріне құрмет.
● Мен Қазақстанның ұлттық тарихына, мемлекеттік тілі мен қазақ мәдениетіне, сол сияқты басқа этностардың мәдениеті мен тілдеріне деген сыйластықты қолдаймын;
● «Ақ жол» партиясы Республикамыздағы географиялық нысандардың, көшелер мен елді мекендердің атауларындағы тарихи әділдікті қалпына келтіру, де-советизация және де-коммунизация бойынша жұмысын жалғастырады.
● ҚР азаматтығын беру талаптарын, яғни Республика Конституциясының негізгі баптары, мемлекеттік тіл және Қазақстан тарихынан емтихан тапсыру, заңды түрде бекіту.
● Қазақстан халықтарының дәстүрлі діндерін қолдау және қоғамның рухани саласын бөтен секталар мен теріс ағымдардан қорғау қажет.
3. ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ОФФШОРЛЫҚҚА КҮРЕСУ
Қоғамды алаңдататын және билікке наразылықты туғызатын негізгі проблемалардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімсіздігі, сот және құқық қорғау органдарына сенімсіздік.
Бұл проблеманы шешу үшін «Ақ жол» партиясы:
● әр қазақстандықтың меншігін және жеке бизнесін жемқорлар мен олардың сыбайластарынан қорғауды;
● басшылардан олардың қызметкерлерінің жемқорлығы үшін жауапкершілігі жөніндегі талаптардың орындалуын міндеттеуді;
● азаматтардың билік өкілдеріне қарсы дауларының әділ және жария қарастырылуын;
● әшкерелінген жемқорлар үшін жүріп тұруын шетелге шығу және меншігін басқару құқығының заңнамалық шектелуін;
● соттың шынайы тәуелсіздігін, олардың жұмыстан тыс уақыты мен зейнетке шығуынан кейінгі жеке қауіпсіздігі мен жоғары әлеуметтік қорғалуын;
● барлық ашық сот отырыстарының Интернет бойынша трансляциялануын;
● сыбайлас жемқорлық фактілері туралы мәлімдеген жағдайда бопсалаушылық құрбанын жауапкершіліктен босатуын талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің маңызды құралы – билік іс-әрекетінің жариялылығы мен оның қоғам алдындағы есеп беруге міндеттілігі болмақ. «Ақ жол» партиясы журналистердің әшкерелеп беретін басылымдары үшін қудаланудан қорғалуын, әрбір мемлекеттік қызметкерінің сот тәртібінде БАҚ-да кері басылымдардың пайда болуы жағдайында өзінің абыройы мен қадір-қасиетін қорғауын қолдайды. Баспасөздың аузына құлып салуға болмайды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыты, сондай-ақ, оффшорлық аймақтар мен шетелдік банктерден миллиардық қаражаттарды Қазақстанға қайтару болмақ, бұл қаражат қара ниетті жемқорлар мен алаяқтардын халықтан ұрлаған ақшасы.
Халықаралық мамандардың есебі бойынша жемқорлар мемлекетімізден заңсыз түрде 160 млрд-тан астам ақша шығарған. Бұл ақшалардың ұрланып, Қазақстаннан кетуі себепті елдегі кейбір азаматтар жұмыс таба алмай жүр.
«Ақ жол» партиясы шенеуніктердің оффшорлық шоты туралы банктік құпиялылықтың алынып тасталып, өздері қайдан алғанын түсіндіре алмайтын ақшаның анықталуын және қайтарылуын талап етеді.
Бұл талап заң аясында жұмыс істейтін адал кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға қатысы жоқ.
***
Құрметті отандастар!
Мен бұл сайлауға халқыма және Отаныма адал қызмет ету үшін қатысып жатырмын.
Өмірді дәл осында, дәл қазір өзгертпей, жақсарта алмаймыз.
Мен осындай өзгерістердің уақыты келді деп есептеймін.
Ақ жол, Қазақстан!
ҚР Президенттігіне үміткер Д. М. Еспаеваның сайлау қорының қаражатынан төленді