Қазақстан Президенті Үштөбе қаласындағы мектепке барды
2019 ж. 03 мамыр
4144
0
Мемлекет басшысы білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасымен танысып, информатика, робот техникасы кабинеттерін, мектеп кітапханасы мен музейін аралап көрді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушыларымен және ұстаздармен әңгімелесу барысында еліміздің экономикасы мен ғылымын дамытуға септігін тигізетін сапалы білім алу жастардың негізгі міндеті екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті оқушыларды Отанымыздың лайықты азаматы болуға шақырып, оқуларына табыс тіледі.
Педагогтар мен оқушылар Мемлекет басшысына білім жүйесін үнемі назарда ұстайтыны үшін алғыс білдірді.
Бұл мектепке 1996 жылы соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілген.