Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен не себепті кеткенін айтты
2019 ж. 30 сәуір
6741
0
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Оған Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев бірге келді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Мен биліктің тұрақты дамуын қалаған соң және жаңа басшылардың аяғынан тік тұрып істі жалғастыруы үшін президенттіктен кеттім. Мұны көптеген шетел басшылары қолдады. Бұған ел арасында өкінгендер де бар екенін, алаңдаушылық басталғанын да білем. Достарым, біз бәріміз уақыттың бір орында тұрмайтынын білеміз. Ол өзгере береді, біз де өзгеруіміз керек", - деді елбасы.
Назарбаев мұндай шешімді ұзақ ойлаған соң қабылдағанын айта келе "бұған ешқандай күмәндарыңыз болмасын" деді.
"Халыққа алғысымды тағы да білдіргім келеді. Соның ішінде Қазақстан халықтар ассамблеясы мүшелеріне алғыс айтам. Сіздер мені 6 рет жалпыхалықтық сайлауда, 1 рет парламент сайлауында, барлығы 7 сайлауда қолдадыңыздар", - деді тұңғыш президент.
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Оған Назарбаев пен Тоқаев бірге келді.
Назарбаев халықты 9 маусымда өтетін сайлауға дауыс беруге шақырды.