Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
2019 ж. 19 сәуір
2757
0

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы мәлімделді, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрі, сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздің Қарулы Күштеріндегі қазіргі ахуал және армияны заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатқан шаралар жөнінде баяндады.
Сонымен қатар, Н.Ермекбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысында өтіп жатқан «Айбалта-2019» ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы айтты.