Небары 32 жастаға шенеунік вице-министр болып тағайындалды
2019 ж. 08 сәуір
3309
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Абылайхан Есенұлы Оспанов цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Абылайхан Оспанов 1986 жылы 16 маусымда Алматы қ. дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Түрлі жылдары «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабында, түрлі коммерциялық ұйымдарда, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ішкі істер, байланыс және ақпарат, көлік және коммуникациялар, инвестициялар және даму министрліктерінде, ҚР ақпарат және байланыс агенттігінде, «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының қабылдауында, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ жұмыс істеді. 2017–2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасы болды.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айында Дана Жүнісова да небары 32 жасында Ұлттық экономика вице-министрлі болып тағайындалған болатын. Ол бұл қызметте 2018 жылдың қыркүйек айында дейін отырған еді.