Президент халықпен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты

Грузия жерінде тұратын өзге ұлт өкілдері бір ғана тілде сөйлеуі керек. Бұл туралы елдің президенті Саломе Зурабишвили Квемо-Картли өңірін аралаған сапары барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды «Грузия Online».

«Грузия барлық ұлт өкілі тұра алатын жер екенін мақтанышпен айта аламын. Олардың дініне, ұлтына қарамастан араларында алауыздық жоқ», — деді президент.

Зурабишвилидің сөзінше, Грузияның әр тұрғыны өзге тілде емес, халықпен бір ғана тіл - грузин тілінде сөйлескісі келетінін ашық айтты.

«Мен сіздермен орысша сөйлесе алмаймын, себебі бұл бізді біріктіретін тіл емес», — деді ол.