Марат Сыздықов ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
2019 ж. 27 наурыз
2126
0

Марат Сыздықов ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Зеникенұлы Сыздықов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Марат Сыздықов Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік институтының директоры, сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі елшілігіндегі кеңесші-уәкіл қызметін атқарған.