Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық тағайындаулар жасады
2019 ж. 26 наурыз
2536
0

Елбасы кеңсесінің жетекшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен кеңсенің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері бекітілді:
Айдос Ыдырысұлы Үкібай — Елбасының баспасөз хатшысы;
Арслан Момышұлы Дандыбаев — Елбасы хаттамасының басшысы;
Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбырайым — Ұйымдастыру жұмыстары Бөлімінің меңгерушісі;
Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев — Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
Асқар Мәуленұлы Молдағаринов — Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі;
Елдар Серікұлы Томашев — Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі;