Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды
2019 ж. 26 наурыз
2789
0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ол бұған дейін Инвестициялар және даму министрі, Астана қаласының әкімі болып, Президент әкімшілігінің жетекшісі болып қызметтер атқарған.