Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Уәлиұлы Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген Мемлекет басшысының Өкімінде.

Бұл қызметте болған Айдос Үкібайдың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылғаны айтылады.