НАЗАРБАЕВ ӨЗ ӨКІЛЕТТІГІН ТОҚТАТАТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ

 

"Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік ел ретінде сақтаңыздар!"-деді Елбасы ең соңғы Жарлығына қол қойып жатып...

Қазақстанда жаңа дәуір басталды! Бүгін Астанан уақытымен 19-00-де Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін 20 наурыздан бастап тоқтататынын мәлімдеді. Назарбаев «сайлау кезінде сенген» халыққа алғыс айтты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін айтты. Назарбаев уақытша президент қызметін ҚР Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. «Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік ел ретінде сақтаңыздар!»-деді Елбасы ең соңғы жарлығына қол қойып жатып… Қазақстанда жаңа дәуір басталды!   «ҚАЗАҚ ҮНІ» газеті, qazaquni.kz