Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
2019 ж. 06 наурыз
2774
0

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Елбасы қол қойған заңдар:
- «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заң;
- «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң;
-
«Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң.