Индустрия министрі Роман Скляр: "ҚАЗАҚ ТІЛІН АУЫЛҒА БАРЫП ҮЙРЕНДІМ"
2019 ж. 06 наурыз
6600
2
ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Роман Скляр Үкімет жиынында қазақ тілін жақсы меңгергенін көрсетті. Тіпті, өзіне дейін баяндама жасаған Ұлттық экономика министрінен қазақша әлдеқайда таза сөйлейтін Скляр Мемлекеттік тілді қайдан және қалай үйренгенін айтып берді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
- Мен алты жыл бойы ауылдағы туыстарыма жиі барып тұрдым, ауыл адамдарымен көп сөйлестім, арнайы тіл үйренбедім. Қазақшаны ауылда үйрендім, әйтпесе есейген жаста үйрене алмас едім. Өкінішке орай, Кеңес заманында мектепте қазақ тілі үйретілмеді... Бірақ, бәрібір қазір қазақ тілін білуім керек. Қазақшаны түсінемін, сөйлеймін, дегенмен әлі де жетілдіруім керек, - деді Скляр.