Дархан Кәлетаев жаңа қызметке тағайындалды
2019 ж. 01 наурыз
2497
0
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің ұжымына жаңа басшы Дархан Кәлетаевты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.
Дархан Калетаев 1972 жылы 10 қазанда туған, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып қызметтерін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болған. 2018 жылы 4 сәуір айынан 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болды.