Қазақстанның жаңа үкіметінің құрамы белгілі болды

Елбасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Әлихан Асханұлы Смайылов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының                 

Президенті                                                                 

Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2019 жылғы  25 ақпан                  

№  849