Сенат Ұлттық банк басшылығына Досаевтың кандидатурасын мақұлдады
2019 ж. 25 ақпан
2038
0
Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына кандидатты мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабыл алды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мен Ұлттық банк төрағасы лауазымына кандидатты келісу үшін келдім. Нұрсұлтан Назарбаев кандидат ретінде Ерболат Досаевты ұсынып отыр. Ол қызмет еткен жылдары өзін білікті қаржыгер ретінде көрсете білді. Мен Сіздерден келісімдеріңізді берулеріңізді сұраймын», - деді ҚР Президенті Әкішілігінің басшысы Әсет Исекешев.