Депутат Назарбаева Қазақстандағы сөз бостандығы жайлы айтты

Қазақстан парламентінің сенат депутаты, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева "сөз бостандығына баға беретін түрлі рейтингілерге күмәнмен қарайтынын" айтты, - деп хабарлайды centralasian.org.

Назарбаева "Сөз бостандығы индексінде" Қазақстан көрсеткіштерінің нашарлағаны" жайлы сұраған журналиске:

"Сөз бостандығы жоқ деп санайсыз ба?" деп қайтара сауал қойып: "Қаласаңыз, бәрін ұрысып, сынай беріңіз. Әлеуметтік желіде бәрі ашық жазылады. Қандай рейтингіні айтып тұрғаныңызды білмеймін" деп жауап берді.