Нұрлан Нұркенов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Елорда әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Нұрлан Нұркенов тағайындалды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Әкімнің орынбасары ішкі саясат, жастар саясаты мен ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт саласына қатысты мәселелерге жауапты болады.