Елбасы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлды қабылдады
2019 ж. 14 ақпан
2019
0
Мемлекет басшысы кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толу қарсаңында өткізілген бұл кездесудің символдық мәні бар екенін атап өтіп, сол елдегі әскери іс-қимылдарға қатысқан азаматтар мен ардагерлерді айтулы күнмен құттықтады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Елбасы ауған соғысының ардагері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі Борис Керімбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туысқандарына көңіл айтты.
Бақытбек Смағұл Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы тарапынан атқарылған жұмыстар мен кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы мәлімдеді.