Серік Сәпиев депутаттықтан кетті
2019 ж. 30 қаңтар
2344
0
ҚР Парламент Мәжілісі депутат Серік Сәпиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының xатшысы Бақыт Мелдешевтің айтуынша, С.Сәпиев депутаттықтан кету туралы өтінішті өзі берді. Соның негізінде оның өкілеттелігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным әзірленді. Мәжіліс депутаттары қарсылық білдірген жоқ, арнайы қаулыға бірауыздан дауыс берді. Ал спикер Нұрлан Нығматулин палата депутаттарының атынан Серік Сәпиевке ризашылық білдіріп, Алғыс хатты табыс етті. Өз кезегінде, Олимпиада чемпионы да ризашылығын жеткізді.
«Берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлына маған артқан сенімі үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді. Спорт алаңында да, қазір де Елбасының қолдауын әрдайым сезініп жүреміз. Сондай-ақ, құрметті әріптестер, әрбіреуіңізге ақыл-кеңестеріңіз бен қолдауларыңыз үшін рақмет айтамын. Бұл жерде мен біраз тәжірибе жинадым. Еліміздің өркендеуі жолында сіздермен тығыз жұмыс жасауды жалғастыра береміз деп сенемін», - деді С.Сәпиев.
Айта кетейік, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев 2017 жылдың ақпан айында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты қызметіне тағайындалған болатын.