Бейбіт Атамқұлов Ресей Сыртқы істер министрімен кездесті
2019 ж. 29 қаңтар
2298
0
Ресми сапар шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Мәскеуде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Қазақстан Сыртқы саяси ведомство жаңа басшысының алғашқы екіжақты сапары РФ Сыртқы істер министрінің шақыруымен өтті, - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволар басшылары саяси және экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің түрлі аспектілері бойынша пікір алмасты.
Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының дәстүрлі жоғары деңгейін белгіледі. Б. Атамқұлов Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында екі елдің қарым-қатынасын сипаттай отырып, оларды мемлекетаралық қарым-қатынастардың үлгісі екендігін атап өтті.
Сауда-инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне, көлік-транзит, отын-энергетика және әскери-техникалық саладағы жағдай мен болашаққа, сондай-ақ Байқоңыр кешені бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Келіссөздердің маңызды бөлігі ретінде екі елдің өңірлік интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара әрекеті болды.
Келіссөздер барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі қорытындыланып, көпжақты форматтағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы талқыланды. Екі ведомство басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымдарын тексеріп, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді үйлестіруге қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық іс-шаралары жоспарына қол қойылды.
Жалпы алғанда, сындарлы сыртқы саяси ынтымақтастықтың маңыздылығы мен екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, интеграциялық байланыстарды, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мүддесі бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар СІМ-аралық өзара іс-қимылын одан әрі жылжытудың өзара рухын растады.