Орал қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Бақытжан Нарымбетов тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің түлегі. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясат Ұлттық мектебінде білім алған. Әлеуметтану ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2007 жылы үкіметтік емес ұйымдарда бастады. 2013-2014 жылдары - Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы; Орал қаласы әкімі аппаратының ақпараттық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлім басшысы; 2014-2016 жылдар аралығында Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы; Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің бас инспекторы, облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы; 2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған.

2018 жылы наурыздан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төраға орынбасары қызметін атқарды.