Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Республикасының Президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті

0
1481

Қазақстанға ресми сапармен келген Зимбабве Республикасының Президенті Эммерсон Мнангагваны салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөз өтті, – деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастарды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, ықпалдастықты одан әрі дамытудың негізгі бағыттарына арнайы тоқталды.

– Біз сыртқы саясатымызда, соның ішінде Африка бағытында кең ауқымды сауда қарым-қатынастарын дамытуға және халықаралық бастамаларды өзара қолдауға ұмтылатын боламыз, – Қазақстан Президенті.

Зимбабве Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге мүмкіндік туғызып, Зимбабве делегациясына қонақжайлылық көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі салалары бойынша екі жақты ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Зимбабвенің көлік-логистика желісін жаңғырту және қайта өңдеу ісінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз