Елбасы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады.

«Достық пен түсіністікке негізделген Астана мен Ереван арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық пен күш-қайрат, жауапты қызметіңізге мол табыс, ал барша достас Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін», – делінген жеделхатта.