Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысы Асқар Жұмағалиевті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

- Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын, - делінген Елбасы Жарлығында.