Тимур Сүлейменов ЕАЭО-ға ортақ валюта енгізуге қарсы шықты

1
1727

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО елдерінде бірыңғай электронды валюта енгізуге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Ресейдің қаржы министрлігі ЕАЭО елдерінде (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) трансшекаралық есеп жүйесіне бірыңғай электронды валюта енгізу идеясын қолдаған болатын.

Бүгін мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұл идеяны қолдамайтынын ашық айтты.

«Біз қолдамаймыз. Бұл менің жеке әрі саяси тұлға ретіндегі позициям»,- деді министр.

Сүлейменовтің пікірінше, ұлттық валюта – ту, елтаңба, әнұран сияқты ел егемендігінің символы. Сондықтан оны барынша қорғап, дамытып, сақтауымыз керек.

Министр бұл ұсынысты Ресейдің ұлттық төлем кеңесі жасағанын атап өтті.

«Оларда бірқатар ұсыныс бар, бірақ бұл Ресей тарапының ресми ұсынысы емес. Мұндай идеяны Қазақстанның кез келген қаржыгерлер қауымдастығы да көтере алады», — деді Сүлейменов.

1 Пікір

  1. Біздің байқауымызша бұл Тимур Сүлейменвтың министр болғалы аузынан шыққан бірінші мағыналы сөз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз