Путин ЕАЭО бойынша әріптестеріне ғарышта болған туларды сыйлады

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің басшыларына Халықаралық ғарыш станциясында болған мемлекет тулары белгіленген панно сыйлады.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Бұл ресейлік төрағалықтан естелік сыйлықтар», — деген Путин, бұл тулардың Халықаралық ғарыш станциясындағы  «Прогресс» ғарыш кемесі бортынан арнайы жеткізілгенін айтты.

Сондай-ақ, Ресей президенті ЕАЭО саммитінің қорытындысы айта келе, Мемлекет басшылары газ, мұнай және мұнай өнімдері үшін ортақ нарықты қалыптастыру бағдарламаларын жасасуға келіскенін жеткізді.