Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі тағайындалды
2018 ж. 22 қараша
2196
0
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары Ербол Нұрғалиев Президент Әкімшілігіне жұмысқа ауысты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Ербол Нұрғалиев Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі қызметіне тағайындалғаны хабарланды.
Өз кезегінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Нұрғалиевке жақсы жұмысы үшін алғыс айтты, - деп хабарлады ақпарат агенттігі.