Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды
2018 ж. 20 қараша
4826
0
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы болып Сауат Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа басшыны бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов таныстырды. Ахметжан Есімов өз сөзінде Сауат Мұхаметбайұлының бұрынғы жұмыс орындарында жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті.
Айта кетсек, Сауат Мыңбаев бұрын қаржы құрылымдарында әртүрлі қызметтерді атқарған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы қаржы министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы қаржы министрі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрі, Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрі, Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі лауазымдарында еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болған.