Атамбаев сұхбаты эфирге 19 қарашада шығады деп жоспарланған.
15 қарашада заңгер әрі адам құқығын қорғаушы Нурбек Токтакунов президент Сооронбай Жээнбековтің сайлауалды штабы ресми көрсетілген сомадан бірнеше есе көп қаражат жұмсағанын дәлелдейді делінетін құжат көрсеткен. Ол құжатта Жээнбеков штабы 1,1 млрд сом (15,7 млн доллар) және 6,8 млн доллар жұмсады деп көрсетілген. Орталық сайлау комиссиясының ресми есебінде 158 млн сом деп жазылған.
Президент аппараты бұл ақпаратты жалған деп мәлімдеді. «Мөр жоқ, қол қойылмаған. Біз жалған ақпаратқа қатысты пікір бермейміз», - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева.
Сооронбай Жээнбеков 2017 жылы президент сайлауында жеңіске жетті. ол сайлаушылардың 54 пайыз дауысын жинады. Оны бұл қызметке ҚСДП ұсынды, ал экс-президент Алмазбек Атамбаев оған қолдау білдірді.