НАЗАРБАЕВ ШЕКАРАҒА ҚАТЫСТЫ ЕКІ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
2018 ж. 06 қараша
2356
0
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шекараға қатысты екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Елбасы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.