Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров ресми түрде сенатор болды
2018 ж. 10 қазан
2519
0
Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров Сенат депутаты болып тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шымкенттен сайланған депутаттар куәлік пен сенаторлардың төс белгісін алды.
Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясы 8 қазанда Шымкенттен Сенаттың екі депутатын тіркеді. Осы күннен бастап олардың өкілеттік мерзімі күшіне енеді. 2014 жылғы 1 қазанда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Дархан Сатыбалды сайланды, ол 1974 жылы дүниеге келген.
Ол бұған дейін уақытша жұмыс істемеген, сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының құрамында болған. Дереккөздерге қарағанда, ол 2010-2011 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы болған, 2011 жылы премьер-министрдің Кеңсесінде әлеуметтік-экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды Шымкенттің бұрынғы әкімі және ОҚО әкімінің бұрынғы орынбасары ретінде танымал.
017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне Нұрлан Бекназаров сайланды, ол 1964 жылы туған. Бұған дейін Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы болған, сонымен қатар, "Нұр Отан" партиясының мүшесі. Нұрлан Бекназаров кей жылдары "Санур" компаниясының вице-президенті және "ТрансОйл" ұйымы басшысының орынбасары болған. Сайлау Шымкентте 5 қазанда өтті. Сайлауға 6 үміткер түсті. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлауды өтті деп таныды. Сайлауға 9 үміткер ұсынылып, сегізі тіркелді. Екі үміткер өз еріктерімен үміткерліктен бас тартты.