Назарбаев ҰҚК өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды
2018 ж. 05 қазан
3911
0
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгінде басшылар құжатқа қол қоюға қорқады. Ертең біреулер келіп, желкесінен алады. Мұнымен қоса "Саған әлі көрсетемін!" деп қорқытатындар да бар. Осы ретте ҰҚК өкілдеріне осындай шенеуніктерді ұстап, оларға қатысты бірден қылмыстық іс қозғауды тапсырамын. Оларға мұндайға кім рұқсат берді?" - деді Назарбаев.
Мұның алдында Президент ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырған болатын. "Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. (...)", - деген еді Назарбаев.